19 қар, 2018 сағат 12:05

ШҚО-да өртенген үйден қарияның денесі табылды

Зырян ауданының Зубов кентінде тұратын қария өрттен көз жұмды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Тілсіз жау түн ортасында тұтанған. Қызыл жалынды көршілері байқап, төтенше жағдай өкілдерін шақырған.

«Өрт сөндірушілер қызыл жалын шарпыған үйге енгенде 1931 жылы туған қарияның денесін тауып алды. Жалынмен арпалыс 2,5 сағатқа созылды» - делінген облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Өрттің шығуына отпен абайсыздық себеп болған деген болжам бар.