08 қаз, 2018 сағат 06:51

ШҚО-да комсомол ұйымының 100 жылдығы тойланбақ

ШҚО-да комсомол ұйымының 100 жылдық мерейтойы тойланбақ, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Алтайньюс басылымына сілтеме жасап.

Жақында Қазақстан коммунистік халық партиясы қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы дөңгелек үстел өткізген. Жиында комсомол ұйымының алдағы мерейтойы тойланатыны айтылған.

Қазақстан коммунистік халық партиясы қоғамдық бірлестігі Шығыстағы филиалының екінші хатшысы Сергей Михеев: "29 қазанда комсомол ұйымының құрылғанына 100 жыл толады. Бұл ұйым кезінде елдің дамуына зор үлес қосқан. Біздің партия кеңес одағы идеологиясын жалғастырушы болғандықтан, комсомол ұйымына қатысты жақсылықтарды еске алмақ. Сондай-ақ қазіргі жастар саясатын жетілдіру үшін ол ұйымнан қажет тұстарын алуды ұсынбақпыз", – дейді.

Сергей Михеев сөзінше, Президенттің бастамасымен біздің жас елде жастарға арналған көптеген жоба іске асырылуда.

– Жас мамандарды қолдау, ипотекамен тұрғынүй беру, білім алу гранттары сынды жобалар маңызды әрине. Бірақ бұлар аймақтық және салалық деңгейде маңызды. Қазір жастарға үлгі болатын тұлғалар мен ұлттық құндылықтарды насихаттау өте күңгірт. Жастар батыстың кинолары мен бағдарламаларын көріп, жағымсыз образдарды таңдауда.

Зерттеулер нәтижесінде анықталғандай, жастар молшылық пен жайлылықты қалайды. Бірақ соған лайық еңбектенбейді екен. Сондай-ақ олар шет елге көшіп кетуге әуес.