21 қаң, 2019 сағат 10:25

ШҚО-да қар құрсауынан 312 адам эвакуацияланды

Шығыс Қазақстан облысында қар құрсауынан 312 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«06.00-дегі жағдай бойынша 312 адам эвакуацияланды, оның 28-і ауруханаға, 40 адам Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепке, 55-і - Ақтамберді орта мектебіне, 19-ы - колледжге, 60-ы - Таскескен ауылының тұрғындарына, 70-і - «Айгерім» кафесіне орналастырылды. 40 адам Үржар ауылындағы үйлеріне жеткізілді. Қар құрсауында қалған басқа адамдар эвакуациядан бас тартты», - деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

«Қар кептеліп қалған жерде 231 көлік тұр. Жергілікті атқару органдары ыстық тамақтар мен көлік үшін жанармай беруді ұйымдастырды. Адамдар медициналық көмекке жүгінген жоқ. Қазір жол тазаланып жатыр», - деді ол.