18 шіл, 2017 сағат 09:30

ШҚО-да дүлей дауыл тұрды: Үй шатырлары мен көліктер қирады (Видео)

Шығыс Қазақстан облысында секундына 30 метрге жететін күшті жел тұрып, көптеген ғимараттар мен көліктер қирады. Өскеменде жұлынып кеткен шатыр көліктердің үстіне түскен, желден жарнама құрастырмалары қирап, аялдамалар мен ағаштарды құлатқан, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" kaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Дауыл 10-15 минуттай уақыт болған. Әлеуметтік желілердегі хабарламаларға қарағанда, өңірдің барлық жерінде де тұрғындар желдің болғанын айтып отыр. Қолданушылар құлаған ағаштар, қираған аялдамалар және бүлінген көліктерді суретке және видеоға түсіріп, редакцияға жолдады. 


ШҚО ТЖД мәліметінше, өңірдің кейбір жерлерінде ұйытқыған жел жылдамдығы секундына 30-35 метрге дейін жеткен. 

"Қазір өңірдің түрлі жерінен дауылдың салдары жайлы хабар алып жатырмыз. Күшті жел Жарма, Ұлан аудандарындағы ғимараттардың шатырын ұшырып әкеткен. Осындай хабарламалар Өскеменнен де түсіп жатыр. Қазіргі уақытта бұл мәліметтердің барлығын жинастырып, жағдайдың мән-жайын анықтап жатырмыз. Мұның алдында таралған ескерту бойынша өңірде желдің өті секундына 30 метрге жеткен", - деп хабарлады ТЖД өкілдері. кеткен көлік видеоға түсіп қалды Астанада автобуспен соғысқан Lexus аударылып қалды.