10 ақп, 2020 сағат 13:15

ШҚО-да Абай мерейтойына орай халықаралық пленэр өтеді

Шығыс Қазақстан облыстық Өнер музейі Абайдың 175 жылдығы аясында халықаралық пленэр ұйымдастырмақ, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Абай мерейтойына орай «Біз таныған Абай» атты халықаралық пленэр өткізуді жоспарлап отырмыз. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен және шет мемлекеттерден 20 суретші шақырылады. Бұл шараға белгілі фотографтар да қатыспақ. Плэнердің мақсаты – суреттер арқылы ақынның туған жерін әлем елдеріне көрсету», - дейді музей директоры Бекайым Ұябаева.

Сондай-ақ, халықаралық пленэр аясында «Ең үздік волонтер» атты байқау ұйымдастырылмақ.

«Осы арқылы жастарды мәдениет саласына баулығымыз келеді. Сайыстың шарты бойынша қатысушылар суретшілермен бірге жүріп, Абай әлемін қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде таныстырады», - дейді Бекайым Қасымханқызы.