23 қаң, 2020 сағат 11:35

ШҚО-да Абай атындағы саябақ салынбақ

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында Абай атындағы саябақ салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биыл ұлы ақынның 175 жылдығы аясында Катонқарағай ауданында бірқатар шаралар қолға алынбақ. Соның ішіндегі ең ауқымдысы – Абай атындағы саябақ құрылысы болып отыр.

«Қазақтың бас ақынын ұлықтап, өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында Үлкен Нарын ауылында саябақ салынады. Бұл мақсатта 100 млн теңге қаражат қарастырылған» - дейді Катонқарағай ауданы әкімінің орынбасары Досымбек Тумашинов.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін елімізде Абайдың 175 жылдық мерейтойына қанша қаржы жұмсалатыны хабарланған болатын.