24 қаз, 2016 сағат 21:59

ШҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

ШҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент басшысы болып Қамалов Бахтияр Қамалұлы тағайындалды.

Бұрын ол Алматы қаласы бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент басшысы қызметін атқарған, деп хабарлады ҚазАқпарат баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ШҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменттің бұрынғы басшысы, сонымен қатар Этика бойынша кеңесті басқарған Тоқтамыс Қадошұлы Жұмағұлов Атырау облысы бойынша осындай департаментке және Этика кеңесіне басшылық етеді.