09 сәу, 2020 сағат 07:18

Шиелі ауданында коронавирус жұқтырғандар саны 50-ден асты

Бүгін Қызылорда облысында 7 адам «COVID-19» инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ауру жұқтырғандардың бесеуі - Шиелі ауданында, біреуі - Сырдария ауданында және бір жағдай Қызылорда қаласында тіркелген.

Шиелідегі 5 адамнан және Сырдариядағы 1 адамнан коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты, ал Қызылорда қаласында анықталып отырған 1 адамнан ЖРВИ симптомдарына шағымдануына байланысты зертханалық сынамалар алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Қазіргі таңда науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

9 сәуірдегі жағдай бойынша облыста COVID-19 инфекциясына шалдыққан 92 адам бар:

Қызылорда қаласында – 10

Жаңақорған ауданында – 16

Қармақшы ауданында – 4

Шиелі ауданында – 52

Сырдария ауданында – 8

Арал ауданында - 2.