16 қаң, 2020 сағат 06:45

Шешенстан басшысының қызметін уақытша кім атқаратыны белгілі болды

Шешенстан басшысы Рамзан Кадыров өңір басшысы қызметіне уақытша үкімет төрағасы Муслим Хучиевті тағайындады. Ол өзінің уақытша "еңбекке жарамсыз" екенін айтты, – деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Тиісті жарлық Шешенстан басшысы мен үкіметінің сайтында жарияланған. 

"Шешенстан конституциясының 76-бабына сәйкес, менің уақытша "еңбекке жарамсыздығыма" байланысты Республика басшысының міндетін 2020 жылдың 13 қаңтарынан бастап республика үкіметінің төрағасы Хучиев Муслим атқарады", - деп жазылған құжатта.

Құжатқа 13 қаңтар күні қол қойылған.