18 шіл, 2018 сағат 16:04

Шекарадағы елді мекендерде отандық радиохабар тарала бастады - Дәурен Абаев

Қазақстанның оңтүстік шекарасы маңында орналасқан 72 елді мекенге отандық радио хабар тарата бастады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевқа сілтеме жасап.

Д.Абаев министрлік құрылған уақыттан бері шекаралық аймақтарда отандық радиохабар тарату мәселесін шешу туралы өтініштер көптеп түскенін атап өтті.

«Бұл мәселені шешуге біраз уақыт керек еді. Биылғы жылдың маусым айында Түркістан облысы Түлкібас пен Сайрам аудандарының 72 елді мекенінде, сондай-ақ Арыс қаласында «Шалқар» радиосының таратылымын кеңейту жұмыстары толық аяқталды. Бұл алғашқы қадамдардың бірі ғана», - деп жазды министр Фейсбуктегі жеке парақшасында.

Д. Абаевтың хабарлауынша, министрлік өзге шекаралық аймақтарда отандық радионы сөйлету жұмыстарын жалғастыра береді.