12 там, 2018 сағат 18:38

Шекара мәселесі шешімін тапты

Ақтау Конвенциясын қабылдау - Қазақстан үшін шекараның бүкіл тұсындағы мәселелерді шешуді толықтай аяқтауды білдіреді.

Егемендігімізді жариялағалы бері Нұрсұлтан Назарбаев көршілерімізбен тұрақты түрде шекара мәселесін шешумен айналысып келді. Алдымен бір тарапты негізде. Кейін көп жақты негізге көшті.

2018 жыл - Қазақстан тарихына шекара мәселесін толықтай шешкен жыл болып енеді. Осы жылдың көктемінде үш мемлекет - Қазақстан, Түрікменстан және Өзбекстанның шекараларының түйісу нүктесі туралы шартқа қол қойылды.

Бүгін Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы Ақтау Конвенциясы қабылданды. Осылайша, біз Мемлекеттілігіміз бен Тәуелсіздігіміздің фундаменталды мәселелерін шештік. Тыныш қана, дау-дамай, жаңжалсыз, бірақ табанды әрі ұқыпты түрде шештік.

Ерлан Қариннің фейсбуктегі жазбасынан