15 нау, 2020 сағат 10:56

Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі пандемияға қатысты өтпейтін болды

Қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі пандемияға қатысты өтпейтін болды. Бұл туралы оның менеджері Саят Әбдірахманов мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Өкінішке орай, вирусқа байланысты Лондондағы жарыс АҚШ-қа ауыстырылады. Шавкаттың жұмыс визасы болмағандықтан, оның жекпе-жегі өткізілмейтін болды. Бұл туралы маған бір сағат бұрын хабарлады, ал Шавкат оны әуежайда болғанда естіген», - деп жазды Instagram-дағы парақшасында Әбдірахманов. 

Еске сала кетейік, UFC-мен өткен жылдың жазында келісімшартқа қол қойған алғашқы қазақстандық жекпе-жек шеберінің бірінші айқасы 21 наурыз кұні Лондонда Fight Night 171 аясында өтуі тиіс болған. Оның қарсыласы польшалық Бартош Фабински еді.