#
#
Сейсенбі 23/10/2018

Шавкат Мирзяев пен Дональд Трамп кездесті

  • 17.05.2018
  • 0
  • 862

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзяев Ақ үйге сапарын қорытындылау жиынында Өзбекстанның адам құқығы бойынша осы уақытқа дейін қол жеткен жетістіктерінде “шегіну” болмайды деп мәлімдеді. Бұл туралы Азаттық жазды.

Мамырдың 16-сы күні екі ел арасында жасалған “стратегиялық әріптестіктің жаңа дәуірі” атты мәлімдемеде Трамп Мирзяев ел билігіне келгелі бері “Өзбекстанның маңызды саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалар жасау бойынша өте үлкен жетістіктерін мойындайды” деп көрсеткен.

Мирзяевтың “ар-ұждан тұтқындарын босатып, бала еңбегін пайдалану жүйесінен алшақтауға және күштеп жұмыс істетуді азайтуға" күш салғанын атап көрсеткен Ақ үй "президент Трамп президент Мирзяевтың Өзбекстандағы адам құқығы жағдайын жақсарту бойынша амбициялық реформаларын құптайды" деп жазған.

“Бұл жетістіктер АҚШ-пен экономикалық, саяси және қауіпсіздік бойынша әріптестіктің дамуына жол ашты” деген Ақ Үй АҚШ-қа алғашқы ресми сапарында Мирзяев елдегі “діни бостандықты ілгерілету үшін айқын бағыттарда жылжу міндетін алды” деп мәлімдеді.

Ал Мирзяев "өзбек халқының мүддесін бірінші орынға қоя" отырып, елдегі адам құқығы және бостандық жағдайын әрі қарай жақсарта беретінін айтқан.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзяевтың АҚШ-қа ресми сапары 16 мамырда басталды. Сапар барысында екі ел арасында құны 4 миллиард доллар болатын келісім-шарттарға қол қойылады деп хабарланды.

 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар