14 жел, 2016 сағат 09:31

Шавкат Мирзиеев Өзбекстан Президенті қызметіне кірісті

- Бүгін Ташкентте Өзбекстан Республикасы Президентінің салтанатты түрде лауазымына кірісуіне арналған Олий Мажлис палаталарының бірлескен отырысы өтті, деп хабарлады Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

Салтанатты шараға Өзбекстан үкіметінің мүшелері, министрліктер мен ведомстволар, Орталық сайлау комиссиясының  басшылары,  біздің елде аккредиттелген шетел мемлекеттері елшіліктерінің, халықаралық ұйым өкілдіктерінің өкілдері, отандық және шетел бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысуда. Бірлескен отырысты ӨР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы М.Абдусаломов ашты.

Ол 4 желтоқсанда өткен ӨЗ Президентінің сайлау нәтижесі жайлы атап өтті. Ел президенті болып  88,61 дауыс жинаған, Кәсіпкерлер және іскер адамдар қозғалысы - Өзбекстан либералдық-демократиялық партиядан Шавкат Миромонович Мирзиеев сайланды.

Сондай-ақ сайлау нәтижелері 2016 жылғы 9 желтоқсанда ОСК отырысында қаралды. Онда Шавкат  Мирзиеевті Өзбекстан Респбуликасының Президенті лауазымына сайланған деп есептеуді қаулы етті.

ОСК төрағасы жиналғандар мен елдің барлық сайлаушылары атынан Шавкат  Мирзиеевті Өзбекстан Президенті болып сайлануымен құттықтады. Оған Президент куәлігі мен ОСК куәлігін табыс етті.

Өзбекстан Республикасы Конституциясының 92-бабына сәйкес Шавкат Мирзиеев былай деп ант берді: «Өзбекстан халқына адал қызмет етуге, ел Конституциясы мен заңдарын қатаң ұстануға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Өзбекстан Республикасы Президентіне жүктелген міндеттерді адал орындауға салтанатты түрде ант етемін».

Қазіргі уақытта Президент Шавкат  Мирзиеев салтанатты шарада сөз сөйлеуде.