08 қыр, 2018 сағат 11:36

Шардарадағы оқыс оқиға: Жанжалдың соңы атысқа ұласты (Видео)

Кеше Түркістан облысы Шардара ауданына қарасты Достық ауылында бір топ азамат арасында келіспеушілік орнап, жанжалдың соңы атысқа ұласқан, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Әлеуметтік желіде тараған ақпараттарға сүйенсек, даудың басы бау-бақша алқабы мен оның өнімдерін бөлісе алмаудан басталған.

Шардара ауданының ішкі істер бөлімі ақпаратты растап отыр.

"Атыстың болғаны рас. Оқиға 7 қыркүйек күні Шардара ауданына қарасты Достық ауылында боды. Қылмыстық іс қозғалды, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер ұсталды", - дейді тергеу бөлімі басшысының орынбасары Мұрат Қалмұратов.

Қаза тапқандар мен жараланғандар туралы нақты деректер жоқ. Аудандық әкімдік оқиғадан бейхабар болып шықты.

Ескерту: Бейнематериалда бейәдеп сөздер бар