02 мау, 2020 сағат 10:46

«Шаңырақ» жобасы баспана кезегінде тұрғандардың мәселесін шешуге көмектеседі – ҚР ИИДМ

Кезекте тұрғандардың баспана мәселесін шешу үшін биыл «Шаңырақ» пилоттық жобасы ашылады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, жыл басынан бері шамамен 25 мың тұрғын үй немесе 3,1 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілген.

Жыл басынан бері 15 млн шаршы метр тұрғын үй салу және 39 мыңнан астам отбасын мемлекеттік қолдаумен қамту жоспарланған.