08 қаң, 2017 сағат 14:18

Шаханда құлаған үйдің жылумен жабдықтау жүйесі қалпына келтірілді

Қарағанды облысы Шахан кентіндегі қайғылы оқиға орын алған үйге жылу берілді, деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұған дейін хабарланғандай, 7 қаңтар күні апатты үйдегі арнайы жеке алаңға қуаты 400 кВт қазандық орнатылып, іске қосылды. «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі модульдық қазандықты іске қосу кезіндегі эксклюзивті бейнекадрлармен бөліседі.  

«Кеше (7 қаңтар күні - ред.) тұрғын үйді жылу жүйесіне қосты. Бәрі бірқалыпты. Электр қуаты да бар. Сарапшылар тұруға жарамды деп таныған үш кіреберіс тұрғындары өз пәтерлеріне қайта оралды. Слесарь бригадасы жылу радиаторларын мұқият тексеруде», - деп хабарлады Шахтинск әкімінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, Шахандағы апатты үйлерге сараптамалық тексеріс жұмыстары аяқталды. Сарапшылар қазандық бөлмесіндегі жарылыстан үй құлады деген шешімге келді.