04 қаң, 2017 сағат 19:23

Шахан ауылында үй опырылған кезде көршілер 11 жастағы қызды қалай құтқарғанын айтып берді

Шахан ауылында үй опырылған кезде көршілер 11 жастағы қызды қалай құтқарғанын айтып берді, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz тілшісі.

Шахан ауылында қазандық жарылғаннан кейін, жараланған 11 жастағы Лена есімді қызды төрт адам құтқарып қалған, олардың үшеуінің жасы 17-18 шамасында. Николай Столбер, Сұлтан Үмбетов, Андрей Сурдаков және Стас Сенькин көршілес орналасқан №4 үйдің тұрғындары. Жарылысты естіген олар бірден үйінен шығып көмектесуге асыққан. Шамамен, үшінші қабаттай жерде үйінділердің үстінде қыз бала жылап отырған. Ол тым жеңіл киінген, әрі беті қан-қан болды. Бұрынғы шахтер, 55 жастағы Николай Столбер қыздан қозғала аласың ба? деп сұраған. Қыз болса, өзінің аяғы сынғанын және өздігінен қозғала алмайтынын айтқан. Осы кезде Сұлтан Үмбетов жоғары қарай көтерілген. Ал қалғандары жоғары қарай шам жаққан. Сұлтан қыздың жанына жақындап, оны көтеріп алып Андрей Сурдаковқа берген. Сосын Николай алып, ары қарай Стас деген көршісіне берген. Ал төменге жеткен кезде қызды көлікке отырғызып, алып кеткен. Бірнеше минуттан соң төтенше жағдайлар жасақтары мен өрт сөндірушілер келген. 

"Барлығынан гөрі мен Сұлтан үшін алаңдадым, себебі ол кәмелет жасына толмаған ғой. Бірақ ол - спортшы ғой нағыз, барлығын да дұрыс істеді. Мен Ленаның бесінші қабатта тұрғанын естігенімде қатты таңғалдым, себебі ол екі қабат бойы құлап қалай аман қалған?", - деді Николай Столбер.

17 жастағы Сұлтан Үмбетов үйінділердің ең жоғарғы жағына көтерілген уақытта қауіп туралы ойламағанын айтады. Мен және менің досым Андрей Сурдаковкөрші үйде қонақта болып, Жаңа жылды қарсы алып жатқанбыз. Біз қатты сілкіністі сездік. Сосынбіреулер келіп есікті қағып көрші үйде қазандықтың жарылғанын айтты",  дейді Сұлтан.

Еске салайық, 1 қаңтарда Шахтинск қаласындағы Шахан ауылында кешкі уақытта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып, 9 адам қаза тапқан болатын. Олардың үшеуі ер адам, үшеуі әйел, тағы үшеуі балалар екен. Ал кейін апаттың алдын ала себебі аталған еді. Ал кейін апаттың алдын ала себебі аталған еді.

Сондай-ақ, осыған дейін Шахан ауылында үйдің құлауынан қаза тапқандардың отбасына миллион теңгеден бөлінетіні хабарланған болатын. "Отбасыларына қаржылай көмек көрсету жайында. Әкімдік қаза тапқан әр адам үшін миллион теңгеден және 500 мың теңге ауруханада жатқан зардап шеккендерге бөледі. Сонымен қатар әкімдік қаза болғандарды жерлеу рәсімін және еске алуды өз мойнына алады", - деген еді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.