03 қаң, 2017 сағат 09:11

Шахан ауылында 10 сағат бойы үйінділер астында жатқан ер адам құтқарылды

Төтенше жағдайлар министрлігіндегілер Шахан ауылында опырылған көпқабатты үйден 10 сағат бойы 600 тонна үйінділердің астында жатқан ер адамды құтқарып алды. Ер адамды табуға Ника есімді ит көмектескен. Бұл туралы "Хабар" телеарнасының сюжетінде айтылады.

"Опырылған көпқабатты үйде тірі жатқан ер адам жайлы мәлімет болды. Іздестіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, іздестіру жұмыстарына кинология бөліміндегілер де қатысты. Ер адамды алып шығу қиынға соқты. Бірақ қуанышқа қарай, оны алып шыға алдық. Қазір ол ауруханада ем алып жатыр. Есін жиды", - деді Қарағанды қалалық ТЖД басшысының орынбасары Вадим Магамадов.

Осыған дейін Шахан ауылында үйдің құлауынан қаза тапқандардың отбасына миллион теңгеден бөлінетіні хабарланған болатын. "Отбасыларына қаржылай көмек көрсету жайында. Әкімдік қаза тапқан әр адам үшін миллион теңгеден және 500 мың теңге ауруханада жатқан зардап шеккендерге бөледі. Сонымен қатар әкімдік қаза болғандарды жерлеу рәсімін және еске алуды өз мойнына алады", - деген еді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, 1 қаңтарда Шахтинск қаласындағы Шахан ауылында кешкі уақытта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып, 9 адам қаза тапқан болатын. Олардың үшеуі ер адам, үшеуі әйел, тағы үшеуі балалар екен. Оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Ал кейін апаттың алдын ала себебі аталған еді. Ал кейін апаттың алдын ала себебі аталған еді.