14 мау, 2018 сағат 15:19

Сейітқазы Матаев Қазақстан журналистер одағының төрағасы болып тағайындалды

Сейітқазы Матаев қайтадан Қазақстан журналистер одағының төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды  "Ұлт ақпарат" "Әділ сөз" Сөз бостандығын қорғау халықаралық қорына сілтеме жасап.

Қоғамдық қауымдастықтың басқарушы органдарының сайлауы бүгін 14 маусымда есептік конференция барысында өтті.

Сондай-ақ, халықаралық қордың мәліметінше, кездесу барысында басқарманың есебі мен алға қойылған жоспарлар талқыланды. Мұнымен қоса, конференция барысында Қазақстан журналистер одағына белсенді азаматтық позициясы бар жас журналистердің қосылып жатқаны айтылды.

Еске сала кетейік, 2016 жылы  Қазақстанның Журналистер одағының басқарма төрағасы Сейітқазы Матаев бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен үй қамауына алынған болатын.  Сейітқазы Матаевқа "Алаяқтық" және "Салықтан және (немесе) бюджетке ұйымның өзге міндетті төлемдерінен жалтару" айыбы тағылған еді.