30 мау, 2018 сағат 11:23

Серпіндіктердің алғашқы түлектері диплом алды

«Серпін-2050» бағдарламасын іске асыру жолында өнімді еңбек етіп келе жатқан жоғарғы оқударының бірі - Павлодар мемлекеттік педогогикалық университеті. Бұл бағдарлама 2014 жылы құрылған еді.

Басты мақсат- жастарды инудстриялы өлкеге тартып, жұмыс күшін тиімді басқару. Мәселен, солтүстіктегі өндіріс ошақтарына жұмыс күштері жетпей, мамандар тапшылығы байқалып жатады. Ал, бала туу көрсеткіші жоғары оңтүстік және батыс облыстарда керісінше. Осы олқылықтың орынын толтыру мақсатында, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәңгілік Ел идеясының шеңберінде «Серпін-2050: Мәңгілік ел жастары - индустрияға» атты әлеуметтік жобасы өз жұмысын бастады. Жоба негізінде Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының жастары солтүстік облыстарға келіп оқулары керек. Мүкіндігінше, жұмысқа да орналасып, осы өлкелерде де күн кешулері тиіс.

Бұдан төрт жыл бұрын Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты оңтүстік өңірден келген 135 студентті осы бағдарлама шеңберінде қабылдаған болатын. Биыл осы серпіндіктердің алғашқы түлектері дипломдарын қолға алды. Осылайша, төрт жыл бұрын институтқа түскен олар аз уақыт ішінде университет дипломына ие болды. Серпін бағдаралмасы бойынша дипломға ие болған 135 студенттің 40-тан астам түлегі өз еркімен Павлодар облысында қалуға бел байлаған. Алдағы уақытта бұл жобаны жандандыра түсу үшін осы бағдарама аясында оқуға келген студенттермен үш жылдық еңбек келісім шартына отыру мәселесі де қарастырылмақ.

Жалпы, биыл Павлодар мемлекеттік педогогикалық университетінен 400-ден астам студент түлеп ұшты. Сондықтан, бұл университет «Президенттік бес бастама» атты халыққа үндеуі шеңберінде жатақхана салу жұмыстарын да қолға алынбақ.

Университтеттің биылғы жаңалықтарының ішінде айрықшасы ретінде, оқу орны құрамынан колледж бен 14 педогогикалық мамандық бойынша магистратура, 6 мамандық бойынша докторонтура дәрежесіндегі оқыту деңгейінің ашылғандығын айтуға болады.