26 шіл, 2016 сағат 19:56

Серік Жанболат: Салафизмнің түрмеге еніп кетуі — өте үлкен қауіп!

алафизмнің түрмеге еніп кетуі — өте үлкен қауіп! Қылмыс пен діни ағым қосылған жерден діні қатты, тәрбиеге көнбей тепсінген, қаны сұйық мәңгүрттің шығатыны бесенеден белгілі. Ондай адамның ақиқатты өзінше іздеуі — қоғамды шайқап жібереді. Сарапшылардың айтуынша, бүгін бүкіл әлемді шайқап тұрған Сирияда төрт дүние тоғысқан: саясат, капитал, діни ағым, криминал. Қазақстан салафиттерінің арасында криминалдың аз еместігі айтылып та, жазылып та жүрген. Міне, соның нәтижесіне көз жеткізе бастадық. Енді, бұған, өзге елдердің саяси күштері мен капиталы келетін болса, дүниенің қалай қарай дөңгелейтінін болжаудың өзі қиын. Қиын! Сондықтан да діни сауаттылық мәселесін тездетіп қолға алмасақ — болмайды. Онсыз да руға, жүзге, бай мен кедейге, орыс тілді мен қазақ тілдіге бөлініп отырған қоғамды енді діни ағымға бөліп, ірітіп жіберуі оп-оңай. Құзырлы органдар мен министрліктегі жігіттер, қол қусырып қарап отыра бересіңдер ме? Қой екеш қой да тұяқ серпуші еді ғой, қимылдасаңдаршы! Енді болмаса — кеш қаламыз. Кешегі атыс — өте жаман леп, жаман симптом.

Серік Жанболаттың фэйсбуктағы парақшасынан