04 мау, 2020 сағат 10:30

«Жетісу» телеарнасының директоры тағайындалды

Белгілі журналист Серік Әбікенұлы «Жетісу» телеарнасының директоры қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел өзінің фейсбук парақшасында жазды, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

 «Ал, міне, жақсы жаңалығым!

 

Серік Әбікенұлы Сарыбай «Жетісу» телеарнасының директоры болып тағайындалды.

 

Бейсекеңмен бірге бастаған істі жалғастырып, арнаның даму жолы Секеңнің басшылығымен жалғаспақ», – деп жазады Ғалымұрат Жүкел.

Серік Әбікенұлы осы уақытқа дейін «Жетісу» телеарнасының директорының бірінші орынбасары қызметін атқарып келген болатын. Бұған дейін «Парасат» журналының бас редакторы, «Алматы» телеарнасы директорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.