16 қыр, 2016 сағат 07:04

Серiк Абас-шах. Димаш ақсақалға хат

"ДИМАШ АҚСАҚАЛҒА ХАТ"

Нәпсісін тиып, құлыптап,
Тастаса, Алла құлы ұтпақ...
Димеке, биік рухыңмен,
Халқыңды өттің, ұлықтап.

Жан едің, асыл, бек қылық,
Әр сөзің елге екті үміт...
"Балтырың қанап" жүрсе де,
Жоғалтпай кеттің, тектілік.

Жомарттық саған жайлы ұғым,
Жетімге жетті, "шайлығың".
Миллиардты жиып жатпадың,
Миыңа сыйды, байлығың...

Ұлы едің, бірақ, қопал ең.
"Бұзбады" сені "тоқ әлем",
Сәбисіз ғұмыр кешсең де,
Іздеген жоқсың "тоқал-ем".

Жезөкше ғұмыр сүрмедің,
Айбат қып, елге үрмедің.
Алаяқ жиып қасыңа,
"Алшыдан басып" жүрмедің.

"Шірітпей басын балықтың",
Жеп өттің қамын халықтың.
Туған күн сенде той емес,
Датасы ғана алыптың...

Кетсе де сайтан, жын үйіп,
Киелі "жерміз", шын, "ұйық"...
Ертеңі "ертек" еліңе,
Тұрсыз ба, көкте жымиып?!

Серiк Абас-шах 
Астана. 12.01.2012 жыл.