#
#
Cәрсенбі 17/10/2018

Көпен Әмірбек даулы сериалға қатысты пікір білдірді

  • 05.01.2018
  • 11
  • 11798

««Баян Сұлу» сериалы - сенімсіз, жасанды, халыққа көрсететіндей деңгейде емес».

Қазақтың көрнекті сатира сардары, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Көпен Әмірбек Ұлттық арнадан көрсетіліп, үлкен дауға айналған "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" сериалына қатысты өз пікірін осылай жеткізді, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ұлттық порталының тілшісі.

- Біздің қазақ киносы тарихында дәл осы "Баян Сұлу" сериалындай дау-дамай туғызған сериал болған жоқ. Неге? Бұл жанжал қайдан шықты? Негізгі сыншы халық емес пе? Халық - елек. Өнерді - бір қап ұн деп қарайтын болсақ, ұныңды илегенде керегі бір жақта, кебегі бір жақта қалмай ма? Осы сериалды електен өткізсек, бұның керегі шамалы, кебегі көп дүние. Сондықтан да, көпшілік көңілінен шықпағаннан кейін наразы. 

"Халық ұйғарса, хан түйесін сояды" деген аталы сөз бар. Осы сериалдың айналасында тер төкпесе де, еңбектенгендерге, олардың шашбауын көтергендерге айтарым - шын өнерді қорлауға болмайды! 

Қазақ халқы бағзыдан бері өзінің салт-санасын, әдет-ғұрпын сақтап келу арқылы қазақ болып келе жатқан жоқ па? Сериалды түсірушілер әдебиетіміздің алтын қорына айналған ұлы дастанымызды алып шыға алмаған. Жібектей дүниемізді жұлмалап жүн-жырғасын шығарған. Әрқайсысының рөліне жеке-жеке тоқталуға болар еді, оны артық санап отырмын. Себебі, жалпы алғанда сериал жасанды, сенімсіз, халыққа көрсететіндей деңгейде емес.

Ал, енді біреулер шығып "ойбай, ол жырдың бәленбай нұсқасы бар" деп жатыр. Мейлі, қанша нұсқасы болса да, халықтың жүрегінде, көкірегінде "Қозы-Көрпеш - Баян-Сұлу" жыры шолпан жұлдыздай бір ғана нұсқада жарқырап тұр. Бұлар соны жарқырата алмады. Оның несін қорғайды? Өмірде екі нәрсе бар: бірі - қорғау, екіншісі - қорлау. Жарты ғасыр бұрын түсірілген "Тақиялы періште" мен "Қыз Жібекті" қараңызшы. Қандай көркем дүние! Ал, Баян Есентаеваның мына сериалын өзінің жақтастары мен жақындарынан басқа жақтап, қолпаштап отырған адамды көрмедім. 

Біз продюсердің мүддесін емес, елдің, көзі ашық көрерменнің мүддесін ойлауымыз керек. Елдің мүддесі - мемлекеттің мүддесі. Мемлекет мүддесі мен Менмендік мүдде деген екеуі екі түрлі. Бізді құртатын осы менмендік мүдде. Атым шыққан деп, осылай жасауға бола ма? 

Ел аузында мынандай әфсана бар: "Қотыр ешкі айтқан екен: "Мені кім сойса да, қасапшы сойса екен" деген. Бұлар қазақ киносының қасапшысы да бола алмады. 

Қазақта "тұщымды" деген ұғым бар. Шеген құдықтың суынан артық су жоқ. Ал, қазір "Кока-кола" секілді бер жағы жылтырап тұрған, ар жағы мейіріңді қандырмайтын құр тәтті су көп. Онымен халықтың мейірін қандыра алмайсың. Бұлар сол "Кока-кола" секілділер ғой. 

Ұқсас жазба: Баянның əкесі қызын cынағандарға жауап берді

11 пікір

  • АзаматСенбі, 06.01.2018

    Менің есімім Азамат, жасым 21 де. Өте жас болсамда Көпен ағаны өте катты сыйлаймын. Әрине, аркимнин өз пикири озинде. Көпен ағадан конилимнин калып отырғаны, халыкаралық муддесин ойлайык деп кодына ту алыпты, осынша жаңғыруыдын не кажети бар. Халык муддесин ойласа арамызда жетим уйин аралаған жастар мен балалар бола ма? Ардан безген жастар мен жағдайы жок карттар бола ма? Бал тусирилген сериал билдей бир топтың енбеги неге осыны багаламайды. Кезинде Заманбек сиякты ер азаматтар халык муддесин коргаганда сиздер кайда болдыңыздар? Экспоныны откизип халыкты тонап жатканда, кайдагы мүдде туралы айтып жатырсыздар. Өте окиништи.... Дәл осындай карттар барда, жастар кайтип онбак

  • АлматыСенбі, 06.01.2018

    20 - 21 -ғасырлардың дүниежүзілік өнер әлемінде классикалық шығармаларға қазіргі адам көзімен қарап интерпретациялау деген үрдіс бар. Шығарманың идеясын ғана қалдырады да, қалғанының бәрін қазіргі адам жақын түсінетіндей етіп өзгертеді. Мәскеу театрларынан ондайдың талайын көрдім, Онегин джинси киіп жүреді, Гамлет қазіргі жаргондарды қолданып сөйлейді деген сияқты. Жақында Қазақстан арнасынан көрсеткен Интернетте отыратын Шерлок Холмс туралы фильмдер де соның мысалы. Айтысқыш болсаңыз, алдымен солармен айтысып алыңыз, Көпен мырза. Ал мына сөзіңіз ауылдың ішінен әрі шықпаған Мырқымбайдың сөзі.

  • ArailymСенбі, 06.01.2018

    Баянның жақтастарына жеке-жеке сөз беріліпті ғой! Баянға кино түсірте беріңіздер. Сонда нағыз мырқымбай сендер боларсыңдар. Көпен аға дұрыс айтады. Барға бар, жоққа жоқ. Ана кезде қайда болды, мына кезде қайда болды деудің қажеті қанша. Тыша алмасақ та өнер адамынан көреміз бе? Саясат пен өнерді шатастырма бауырым! Өнер адамы халыққа берерін беріп келеді. Сынасақ сынауға хақымыз бар. Тəмпиген сұрықсыз қара қыздың шақылдағанынан басқа тəрбиелі ештеме көрмедім мен. Қазақ қызы биязы, салмақты болушы еді. Кісі бетіне тік қарап сөйлемейтін... жалпы біз баяннан үлгі алмай-ақ қойдық. Бір ауыз қазақша білмейтін адам, қазақ мәдениетінің кодын қайдан білсін. Өйткені бауырларым, қазақтың бар мəдениеті тілінде кодталған!

  • ZhibekСенбі, 06.01.2018

    Не болса да болары болды. Баян Алагузова сериалын тусирип, ози букил тумасымен шетелде демалып жур. Бул сериалга онын жаны ашып, керемет дуние жасауга ынта шынтасымен берилмегени анык! Айтпесе жаксылап турып кастинг откизип актерлик кабилети мыкты актерларды алушы еди гой, ен курыганда Баян мен Козы ролине. Оз карамагындагы кинодан хабары жок аншисымактарды Козы ролине коймай, бари осыдан басталып отыр! Баяннын ролин ойнап бере алатын нагыз актрисалар казакта жок емес бар, дегенмен олардын гонорарын ойласа керек Баян ханым... Биздин шырылдаганымыздан не озгереди. Казактын мадениетин, тарбиесин, тарихын абден жулмалап битти.. Айтарга созим жок

  • ҚанатСенбі, 06.01.2018

    Zhibek ! Қазақтың тарихы, мәдениеті, тәрбиесі Баянға дейін бұрмаланып біткен. Былтыр 2017 жыл басынан "Қазақ үні" фейсбугінде кімдердің жағасынан алғанын сен де, Көпен де "білмейтін" шығар. Олардың ішінде Асанәлі де, Бибігүл де, Меруерт те, Қарақат та, сіздер тіс қайрап отырған Баян да т.с. бар. Жыл аяғында осындай дауды ұйымдастырып отырғаны жақсы емес. 1 айда 6 сериал түсіру оңай емес, шынында ол еңбекқор қыз. Кеткен кемшілік түзеледі, сөздері монтаждалады. Біз бен Сізге намыс қуып жершілдікке салынудың, артық сөздің керегі жоқ.

  • АрдақЖексенбі, 07.01.2018

    "Тəмпиген сұрықсыз қара қыз " да қазақтың қызы, Алланың жаратқан пендесі. Тарихағы Баянның сұлу, жұмсақ мінезді қыз болғанын кім көріп келіпті!? Орта есептегі қазақ қыздары "тəмпиген сұрықсыз қара қыз". Сөз қайтару мен беттен алуға келгенде де ешкімнен қалыспайды. Момын, иі жұмсақ, көнбістерден қайсар, бетбақ, көкбеттер көп. Сонысымен мықты қазақтың қыздары. Кинодағы Баян - типтік қазақ қызы. Баян Алагузова оны жақсы көрсете білген. Актрисаны дұрыс таңдаған.

  • ДинаЖексенбі, 07.01.2018

    Копен аганы колдаймын! Казактын али де казак болып отырганы осындай асыл агалардын аркасы! Ага сиздики дурыс! Ар созиниздин астына кол коям! Казактын салтын, дастурин, тарихын ойын кылмасын, озинин 'короваларын' тусирип журе берсин. Ал сендер, баяннын жактастары, такырыпты гана талкыландар, букил казактын кайгысында кайда болдын деп Копен аганын басына жаппай! Соны сурамай турып, ал мен кайда болдым сол кезде деп арким биринши озинен сурап алсын!!! Ага, казактын болашагын ойлап, созин сойлеп аландаганыз ушин рахмет, бизди тастаманыз, колданыз, корганыз! Сиз халыктын улысыз! Ал баян сияктылар казактын каймагын лайламай, турган жери, салты дастури унамаса, кетсин европага! Корермиз казак халкынсыз калай омир суретинин! Халыкты жамандап аякка таптап оз занын орнатуга жанталасып келе жатканына мине бирнеше жыл болды. Осы бир бузык катынды орнына кояр бир еркек табылмаганы ма??!!??

  • ТурсынЖексенбі, 07.01.2018

    Казакты еликтеу куртады,бир куртса,Орыс сойтип жасады екен деп желигуден утарымыз жок ау.Кундердин кунинде Абай атамыздын колына сотка устатарсындар,ендеше,сойкандар.
    Шерлок Холмсты интернетке отыргызганнан сол фильмнин утып кеткен жери шамалы.
    Копенге колына калам емес,кылыш устауын керек еди деген созин бе.Китап бетин ашып кормеген бугинги куннин жастарына орели пикир айтудан кори ,биреуди киналау,согу онай.
    Жырдын 25 варианты ишинен тандап алган дурысы осы ма еди. Керисинше сурыптап ен шурайлысынан,шырайлы дуние жасауга болар еди гой.Мундай дуниелерди жасауда сценарийлерге жалпыказакстандык байкаулар жарияланган болса бугингидей дау дамай болмас еди.

  • АрдақЖексенбі, 07.01.2018

    Сериал "Шерлок" представляет собой вольную адаптацию произведений Cэра Артура Конан Дойла о частном детективе Шерлоке Холмсе и его напарнике, докторе Джоне Ватсоне[5]. Действие перенесено из XIX в XXI век; консультирующий детектив Шерлок Холмс, подыскивая соседа по квартире, с помощью своего товарища, знакомится с Джоном Ватсоном — военным врачом, вернувшимся из Афганистана. Шерлок сразу впечатляет Ватсона, рассказав ему о нём самом: о том, что он служил в Афганистане, и о том, что боль в его ноге — психосоматическая. Они поселяются в доме 221 Б по Бейкер-стрит у пожилой хозяйки миссис Хадсон. Вместе Шерлок и Джон помогают Скотланд-Ярду в раскрытии сложных дел, используя методы наблюдения, анализа, дедукции, а также современные технологии, такие как интернет и мобильные телефоны.
    В США первый сезон достиг рекордных для телеканала PBS рейтингов. Первый эпизод посмотрели 6,5 млн человек, что является самым высоким показателем за тринадцать лет. На странице сериала на PBS Video Player зафиксировано 78 тысяч посещений, что также является наивысшим результатом канала.

  • СерікЖексенбі, 07.01.2018

    "Біткен іске сыншы көп". Егер Бейімбет Майлин тіріліп келсе, бүгінгі хат таныған, өресі төмен, мұрнын тықпайтын тесігі жоқ, үнемі отқа май құюға шебер зиянкес Мырқымбайлар туралы жазар еді. Осы "тырнақ астынан кір іздеген" бықсықтар бүгінгі қазақ қоғамының дамуына кедергі паразиттер. Елдікті айтпақ болып дым көрмеген ездікті дәріптейді. Заманның сұранысы, қажетіне қарай даму дегенді паймдай білмейді.

  • ДанаЖексенбі, 07.01.2018

    Серик, заманына суранысы, кажетине карай даму, пайымдай билу дегениниз, уллтык тарихи кинода акесине ауыр соз айту, дорекилик корсету ма?!?

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар