08 сәу, 2020 сағат 08:04

Сергеевка су қоймасында су ернеуінен асып төгіліп жатыр

Солтүстік Қазақстан облысы аумағындағы шағын өзендерде мұз құрсауының бұзылу процесі жалғасып, Есіл өзенінде су деңгейі көтеріліп келе жатыр. Бұл жайында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Шағын өзендерде мұз кептелісі және су деңгейінің көтерілуі байқалады. Осыған орай 6-7 сәуірде Айыртау аудана қарасты Гусаковка елді мекені тұсында Бабықбұрлық өзенінде, Ғ.Мүсірепов ауданында, Рузаевка елді мекеніне жақын маңда Ақанбұрлық және Жембармақ өзендерінде мұзды жаруы жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта 3 су қоймасын мониторингілеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Сергеевка су қоймасы 122,64 пайызға лық толып, су 127 сантиметрге ернеуінен асып төгілуде. Су қоймасы бар Петропавл су торабы 95,76 пайызға, Шағалалы су қоймасы 77,5 пайызға толған», - деп атап өтеді комитеттен. 

Ведомство мәліметінше, су тасқыны қаупі бар аудандарда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің күші мен құралдары жіберілген. Атап айтқанда, Уәлиханов, Тимирязев, Айыртау және Ғ.Мүсірепов аудандарына 63 маман, 19 техника, 8 су сорғыш және 5 жүзу құралы көмекке барған. 

Өзендердегі су деңгейіне мониторинг жүргізіліп, кептелген мұзды бөлшектеу жұмысы жүргізіліп жатыр.