06 қар, 2019 сағат 15:58

Сенегалдық полицей әйел БҰҰ марапатына ие болды

Биыл БҰҰ полициясына қызмет ететін бітімгер-әйелдерге табысталатын халықаралық сыйлықты сенегалдық майор Сейнабу Диуф алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" БҰҰ жаңалықтарының ресми сайтына сілтеме жасап.

Ол ондаған үміткердің арасынан іріктеліп алынды: Диуф 33 жыл бойы Сенегал полициясында және Мали, Дарфур және Конго Демократиялық Республикасындағы БҰҰ бітімгерлік миссиясы қызметінде жұмыс істеген.

Майор Диуф – БҰҰ туы астында қызмет атқарып келе жатқан 1400 полицей әйелдің бірі. Олар әртүрлі күрделі тапсырмаларды орындайды: жергілікті қоғамдастықтпен қарым-қатынасты құрудан бастап халықты қорғауға дейін, сондай-ақ жыныстық және гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы күреседі.