24 қаз, 2019 сағат 14:29

Сенаторлар «Жастар кадрлық резерві» жобасының жеңімпаздарымен кездесті

Парламент Сенатының әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшелері Сенат Аппаратында тағылымдамадан өткен «Жастар кадрлық резерві» республикалық жобасының жеңімпаздарымен кездесу өткізді. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуге сондай-ақ «Болашақ» Қазақстан Республикасының Президентінің халықаралық стипендиясы стипендиаттары қауымдастығының өкілдері қатысты.

Комитет хатшысы Серік Бектұрғанов Сенаттың құрылымы мен қызметі туралы айтып, сенаторлардың жұмысына қысқаша шолу жасады.

«Болашақ» Қазақстан Республикасының Президентінің халықаралық стипендиясы стипендиаттары қауымдастығының атқарушы директоры Лаура Демесинова жас мамандар үшін кадрлық резервтің жақсы бастама екенін атап өтті. Қазіргі уақытта резерв құрамында 500-ден астам маман бар.

Кездесу барысында депутаттар жас мамандардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады.