#
#
Сейсенбі 24/09/2019

Сенатор балалар мен әйелдерге зорлық көрсеткендерді өлім жазасына кесуді ұсынды

  • 11.09.2019
  • 0
  • 236

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы балалар мен әйелдерге зорлық-зомбылық көрсеткендерді өлім жазасына кесуді ұсынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Парламенті Сенатының ресми сайтына сілтеме жасап.

«Әйелге зорлық-зомбылық көрсету, әсіресе жас балаларды зорлау, болмаса оларды ұрлап алу, адам ұрлау  мәселелері  - аса ауыр қылмыс. Біздегі Қылмыстық кодекс бойынша, өкінішке қарай, бұларға берілетін жаза әлі де болса жеңілдеу. Былтыр, алдыңғы жылдары бір топ сенатор осы мәселені көтергенбіз. Ауыр қылмыс қатарындағы қылмыстарға өлім жазасын беруді ұсынғанбыз. Бірақ, өкінішке қарай, қолдау таппады. Сондықтан да менің Парламент мүшесі ретінде айтарым, балаға жасалатын ауыр қылмыстарға, әйел, қыз балаларға жасалатын ауыр қылмыстарға біз өлім жазасын беруіміз керек», - дейді сенатор.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар