17 ақп, 2017 сағат 08:55

Сенат сайлауы 2017 жылдың жазында өтеді - ҚР ОСК

Жазда Қазақстанда Сенат депутаттығына үміткерлердің кезекті сайлауы өтеді. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясындағылар айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" kaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

"Жазда, 30 маусымға дейін Сенат депутаттығына үміткерлердің кезекті сайлауы өтуі тиіс. Бұл сайлауларда басты жұмысты Астана және Алматы қаласындағы сайлау комиссиясының өкілдері атқарады. Дайындықты алдын ала бастау керек", - деді ҚР ОСК төрағасының орынбасары Владимир Фоос.

Оның айтуынша, 16 депутат таңдалады. Әр облыстан және Астана мен Алматы қалаларынан бір депутаттан таңдалады.

Сондай-ақ, наурыз бен қазанның соңғы жексенбілерінде заңға сәйкес мәслихат депутаттары сайланады. Мәслихат депутаттарының сайлауы 58 сайлау округінде, оның ішінде 13 облыстық, 9 қалалық және 36 ауданық мәслихатта өтеді.

"Тамыз айының басында аудандық маңызы бар қалаларда әкімдердің сайлауы және ауылдық округтерде әкімдердің сайлауы басталатынын ұмытпау керек", - деді ОСК басшысының орынбасары.