30 шіл, 2018 сағат 08:36

Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының өміріне қатысты жаңа деректер табылды

Шәкәрім Құдайбердіұлының өміріне қатысты жаңа деректер табылды, деп хабарлайды Хабар24.kz.

Абай кітапханасының қызметкерлері тапқан 1914 жылғы «Ауыл шаруашылығына шолу» статистикалық мағлұматтарында ақынның дәулеті жайында жазылған. Оның қыстауында 16 адам тұрған және тұрмыс мұқтаждығын тартпағаны айтылады. Сондай-ақ кітапта мал саны туралы да мәлімет келтіріледі.

Атап айтсақ, Шәкәрім Құдайбердіұлының қойының өзі 400-дің шамасында болған. Сирек мағлұмат қазақтың философ ақынының 160 жылдығы қарсаңында көпшілік назарына ұсынылып отыр

«Бұл ктіаптың ешқандай көшірмесі жоқ. Жалғыз дана. Қазіргі таңда мүмкіндік болса, көшірмесін жасау жоспарда бар», - дейді Абай кітапханасының бөлім маманы Медет Божан.