#
#
Cәрсенбі 21/11/2018

Семейде менингит жұқтырған екі сәби ауруханаға түсті

  • 06.11.2018
  • 0
  • 168

Семейде серозды менингит жұқтырған екі балабақша тәрбиеленушісі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Семейде серозды менингит диагнозымен инфекциялық ауруханаға 4 жастағы екі бүлдіршін түсті. Олар қаладағы «Жұлдыз-Ардақ» балабақшасының тәрбиленушілері. Дәрігерлердің айтуынша, балалардың сырқаттары қауіпті емес. Қазір біреуі стационарлық ем қабылдап жатса, емделушінің екіншісі үйіне шығарылған.

«Балалар инфекциялық ауруханасына менингит диагнозымен 25 қазаннан бері аталған балалабақшаның үш баласы түсті. Олардың екеуінен дәрігерлер қойған диагноз нақтыланды. Ал үшінші бала респираторлы вирустық инфекция жұқтырған. Балаларға қажетті ем көрсетілуде. Өмірлеріне төніп тұрған қауіп жоқ»,-деді қаланың бас санитарлық дәрігері Эльвира Исабаева.  

Қазір ата-аналар балабақшаны карантинге жабуды талап етуде. Алайда балабақша басшылығы карантинге Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының рұқсатынсыз жеке шешім қабылдай алмайтынын айтты. Қазір мектепке дейінгі мекемеге толық дизенфекция жұмыстары жүргізілген. Дәрігерлер ата-аналарға алаңдауға еш негіз жоқ деп отыр.   

Жалпы Семейде жыл басынан бері серозды менингиттің 51 оқиғасы тіркелген.  

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар