09 сәу, 2018 сағат 07:13

Сегіз айлық сәбиді сабаған дәрігердің видеосы таралып жатыр

Новосібірде әлеуметтік желілерде қала ауруханаларының бірінде түсірілген роликтің таралуына байланысты жанжал шықты, деп жазады Тengrinews.kz.

Видеожазбаға қалдырылған пікірлерде медбикенің тастанды баланы ұрғаны айтылады. Оқиға 6 сәуірде болған делінеді. Әйел адам сегіз айлық қызды қарап жатып, төсекке лақтырып жіберген көрінеді.

Видео авторы шапалақтың даусы шыққанын айтады. Оның айтуынша, видеоны дәрігерлерге көрсеткеннен кейін олар өз кезегінде баланы видеоға түсіргені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын айтып, онымен қоймай, таратпауын талап ете бастапты.

"Келінім видеоны түсіргеннен кейін дәрігерлерге көрсеткен, сөйтсе олар "Таратушы болма!" депті", - деп келтіреді видео авторының туысына сілтеме жасаған "Пятый канал". 

Новосібірдің Тергеу комитетінің тергеушілері БАҚ-та медбикенің сәбиді ұрып-соққаны көрсетілді деген видеоға қатысты тексеріс бастағанын айта кетейік.