25 мау, 2019 сағат 10:00

«Сайран», «Саяхат» автовокзалдары әкімдік меншігіне қайтарылуда

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек «Сайран» мен «Саяхат» автобекеттерін мемлекеттік меншікке қайтару жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматы қаласының негізгі туристік қақпасы саналатын - Алматы-1 және Алматы-2 стансыларын қайтардық. 2021 жылға қарай жолаушылар әлеуетін   4 есеге арттыру үшін теміржол стансыларын қайта құру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, біз «Сайран» мен «Саяхат» автобекеттерін  мемлекеттік меншікке қайтару үшін қажетті жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Бұл қала маңындағы қозғалысты жақсартуға және халықаралық тасымалдауды дамытуға мүмкіндік береді» деді Бауыржан Байбек «Busworld» көрмесінің ашылуында.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 1 шілдеден бастап Алматы қаласындағы теміржол бекеттері қала меншігіне өтеді.