#
#
Сенбі 20/07/2019

Сайрамда дәмханада жарылыс болып, 2 адам көз жұмды

  • 13.05.2019
  • 0
  • 428

Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақсукен ауылындағы дәмханалардың бірінде болған газ жарылысынан зардап шеккен сегіз адамның екеуі қайтыс болды. Бұл туралы 13 мамырда Облыстық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз хатшысы Мира Мүсілім айтты.

Мира Мүсілімнің айтуынша, қайтыс болғандардың бірі – бес жасар бала, екіншісі – зейнеткер. Денесінің 90 пайызын күйік шалған зейнеткер бүгін, 13 мамырда таңертең қайтыс болған.

«5 жасар бала 11 мамырда, ал 1958 жылы туған науқас бүгін қайтыс болды. Қалған науқастар облыстық күйікті емдеу орталығына ауыстырылды», - деді Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.


Тұрмахан Орынбаев атындағы облыстық жоғары қысымды оттегімен емдеу орталығының бас дәрігері Мәдина Ермахамбетова денесінің 80 пайызын күйік шалған тағы бір науқастың жағдайы өте нашар екенін айтады. Қалған науқастардың жағдайы қалыпты, палатаға көшірілген.

9 мамыр кешкісін ауызашар кезінде Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақсукент ауылындағы дәмханалардың бірінде 50 литрлық газ баллоны жарылып, сегіз адамды күйік шалған.

Облыстық полиция департаменті бұған дейін оқиғаға байланысты "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бабымен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар