09 мау, 2019 сағат 19:57

Дауыс беру аяқталды: санақ жүріп жатыр

Қазақстанда барлық сайлау учаскесі жабылды. Елорда уақытымен сағат 22:00-дегі алдын ала мәлімет бойынша қазақстандықтардың 77, 4 %-і кезектен тыс президент сайлауында дауыс берген. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров мәлімдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпаратSputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Оның ішінде: 

  • Ақмола облысы бойынша – 83,4%
  • Ақтөбе облысы – 84,9%
  • Алматы облысы – 89%
  • Атырау облысы – 71,2%
  • Шығыс Қазақстан облысы – 84,9%
  • Жамбыл облысы бойынша – 81,3%
  • Батыс Қазақстан облысы – 66,3%
  • Қарағанды облысы – 77,3%
  • Қызылорда облысы – 81,6%
  • Қостанай облысы – 84,1%
  • Маңғыстау облысы – 68,9%
  • Павлодар облысы – 81,2%
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 79,8%
  • Түркістан облысы – 84,8%
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 68,9%
  • Алматы қаласы – 52,2%
  • Шымкент қаласы – 67,6%.

Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауында сайлаушылардың дауыс беруге келуінің алдын ала қорытындысын шығарды.

Айта кетсек, сағат 10:00-дегі жағдай бойынша Қазақстанда сайлаушылардың 12,8 % дауыс беруге келген. Ал 12:00-ге қарай қазақстандықтардың 35,1%-і өз таңдауын жасады. 14:00-де дауыс берген азаматтар саны 51,8%-ке жетті. 16:00-тегі мәлімет бойынша сайлаушылардың 65,9 проценті бюллетень алды. Ал кешкі сағат 18:00-ге қарай қазақстандықтардың 72,9%-і дауыс берді. 20:00-де сайлау бюллетенін алған азаматтар саны 77 процентті құрады.

Сайлау учаскелері жергілікті уақытпен таңғы 07:00-де жұмысын бастап, кешкі 20:00-де жабылды. Қазақстандықтар он мыңға жуық сайлау учаскесінде дауыс берді. Уақыт белдеуіне байланысты Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарындағы сайлау учаскелері елорда уақытымен жұмысын 08:00-де бастаған болатын.

Осы жолғы президент сайлауында тізімге енгізілген сайлаушылар саны 11 миллион 947 мың 995 адамды құрады.


Шетелде қанша қазақстандық дауыс берді?

Ал 19:00-дегі мәлімет бойынша шетелдегі сайлау учаскелерінде 8322 қазақстандық дауыс берді. Уақыт айырмашылығына байланысты Азияда орналасқан сайлау учаскелері жұмысын аяқтап, дауыс санауға кіріскен. Ал Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де ең соңғы болып Вашингтон, Нью-Йорк және Оттавадағы сайлау учаскелері ашылды.

фото, видео: Sputnik