#
#
Жексенбі 26/05/2019

Сайлау-2019. Кандидаттың қазақ тілін жетік меңгергенін анықтайтын ғалымдар белгілі болды

  • 19.04.2019
  • 0
  • 589

ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен президенттікке кандидаттардың қазақ тілін меңгеруін анықтайтын лингвистикалық комиссия мүшелерін таныстырды, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі.

ҚР Конституциясының 41-бабына сәйкес, президенттікке кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгеруін ҚР Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен құрылған құрамында тіл мамандары және өзге де мамандар бар кем дегенде 5 адамнан тұратын лингвистикалық комиссияның қорытындысы анықтайды. 

«Сайлау жарияланғаннан кейін ОСК Білім және ғылым министрлігімен, жетекші оқу орындарының ректорларымен бірнеше кеңес өткізді. Осы кеңестердің қорытындысында ОСК жанынан құрылатын лингвистикалық комиссияның құрамына келесі тұлғалар ұсынылды»,- деп айтты Сүлеймен.
 
Олар: Мырзатай Жолдасбеков – фиология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті түркология кафедрасының меңгерушісі; 

Әділ Ахметов –  филология ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясының академигі; 

Ғарифолла Есім – философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі; 

Серік Қасқабасов – филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі; 

Гүлтас Құрманбай – филология ғылымдарының докторы, профессор, Назарбаев Университеті жанындағы «Рухани жаңғыру» мәдени орталығының директоры; 

Ерден Қажыбек – филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының директоры.

Бұған дейін ҚР президенттігіне кандидаттың 107 психикалық ауруы бар-жоғы тексерілетіні туралы хабарлағанбыз.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар