02 мам, 2019 сағат 09:12

Сайлау-2019. Ақпараттық хабарлама

«Ұлт медия» қоғамдық қоры – «Ult.kz» сайтының (бұдан әрі – Сайт) меншік иесі 2019 жылдың 9 маусымында өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына қатысу үшін ұсынылған үміткерлерге сайлау алды үгіт-насихат материалдарын интернет кеңістігінде орналастыру шарттарын ұсынады.

Сайлау алды үгіт-насихат ҚР Перзиденттігіне кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен бастап сайлаудан бір күн бұрын күнінің жергілікті уақыт бойынша сағат 00:00-де аяқталады. Осылайша, үгіт-насихат материалдарын Сайтта жариялау 2019 жылғы 11 мамыр күні 18:00 сағаттан бастап, 2019 жылғы 8 маусым күні 00:00 сағатқа дейін жүргізіледі.

Кандидатпен немесе Кандидаттың құзырлы өкілімен Сайттың меншік иесі арасында жасалынған жазбаша өтініш және келісім-шарт негізінде Сайт Интернет алаң ұсынады.

Үгіт-насихат материалдарын жариялау саны мен мерзімі Кандидат немесе Кандидаттың құзырлы өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі, сосын келісім шартта жазылады.

Өтініш Кандидаттардың өтінішін тіркеу журналында кезек ретімен, әрбір жазбаша өтінішке берілетін реттік номері және өтініштің түскен күні жолымен тіркеледі.

Жазбаша өтінішке келесі құжаттар қосымша ұсынылуы тиіс:

1. Кандидаттың тіркелуін дәлелдейтін құжат көшірмесі;

2. Кандидат өкілінің құзырын дәлелдейтін құжат көшірмесі;
3. Өтініш беруші тұлғаның жеке куәлік көшірмесі;
4. Келісім-шарт жасау үшін құзырлы тұлғаны дәлелдейтін құжаттар.

Кандидаттардың үгіт-насихат материалдарын сайтта жариялау кезегі жазбаша өтініштің түсу ретімен немесе өтініш бірдей уақытта түскен жағдайда жеребе тастау арқылы белгіленеді.

Үгіт-насихат материалдары сайтқа тарату күнінен бір күннен бұрын кешіктірілмей электронды пошта арқылы doc, jpeg, png, mp4, mov, mpeg, avi форматтарда ұсынылады.

Үгіт-насихат материалдарында қаржыландыру көздері және ақпарат ұсынған тұлғаның фамилиясы туралы көзге көрінетін ақпарат болуы тиіс.

Кандидат ұсынған үгіт-насихат материалдары мазмұнының ҚР Заңнамларының талаптарына сай болуына дербес жауапты болады.

Сайттың меншік иесі үгіт-насихат материалдарында конститутциялық құрылыстың идеяларына зорлық өзгерістер енгізу, республика бүтіндігін бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне зиян келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік, рулық араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табыну, заңнамамен қарастырылмаған әскери құрылымдар құру, сонымен қатар басқа да ҚР Президенттігіне Кандидаттың адамгершілік абыройына немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпараттардың болу жағдайы мазмұнындағы үгіт-насихат материалдарын таратудан бас тартуға құқылы.

Сайттың меншік иесінің талабы бойынша Кандидат жоғарыдағы сипаттағы ақпараттар мазмұндас материалдарды дәлелдейтін құжаттарды ұсынуға міндетті.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген Интернет алаң ұсынудың шарты мен тәртібі, ҚР құзырлы мекемелердің талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.

Сайт ұсынатын жарияланым орнының көлемі мен ақы төлеу тәртібі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 9 маусымдағы сайлауына қатысушы үміткерлерге жарияланым орнын ұсынғаны үшін төленетін ақы мөлшері Сайт бекіткен прайс-парақша негізінде:

– Ақпараттық-үгіт-насихат материалын жариялау 2500 белгіге дейін 280 000 (екі жүз сексен мың) теңге.

Егер 2500 белгіден асып кеткен жағдайда 1 белгіге 180 (жүз сексен) теңге қосылады.

– Редакция тарапынан мақала жазу құны 2500 белгіге дейін 350 000 (үш жүз елу мың) теңге.

PR-мақала (фоторепортаж, сұхбат) – 300 000 (үш жүз мың) теңге. (дайын PR-материал)

Баннерлік жарнама: 

Баннер түрі

1200х90

619х80

298х200

-

-

Бағасы, теңге

30 000

20 000

25 000

-

-

Жариялау уақыты

1 күн

1 күн

1 күн

1 күн

1 күн

Баннерлер GIF, JPEG, SWF форматтарында қабылданады

Жарияланым

Әлеуметтік желі

Жазылушылар саны 

Бағасы, теңге (НДС есептелгенде)

Әлеуметтік желілерде жариялау

Facebook.com

22 036

 

1 пост

80 000

Twitter.com

5 555

Vk.com

1 670

Instagram.com

5 109

всего

34 370

Төлемақы үгіт-насихат материалдарын Сайтта тарату үшін жасалған келісім шарт бойынша Сайттың меншік иесі төлемақыға ұсынған есепшот негізінде, есепшот ұсынылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

«Ұлт медия» қоғамдық қоры