24 ақп, 2017 сағат 12:17

Сауль Альварес Головкинге ресми ұсыныс жасады

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (48-1-1, 34 KO) WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізу үшін ресми ұсыныс жасағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" kaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

"Головкинге жекпе-жек туралы ресми ұсыныс жасалды. Біз келісімшартты оның үстеліне қойдық. Енді жауабын күтіп отырмыз. Келісімшартқа Головкин келісім берген күні қол қоюға дайынбыз. Біз ұсынысты жасағанымызға біраз уақыт болды. Бірақ Головкин әлі жауап берген жоқ. Демек ол менімен жұдырықтасқысы келмейді деген сөз", - деп келтіреді Альварестің сөзін boxingscene.com порталы.

Еске салайық, Головкин мен Альварестің командалары жекпе-жекті өткізу туралы өткен жылдан бері келіссөздер жүргізіп келеді. Бірақ екі жақ әлі жекпе-жектің қаржылық шарттарына келісе алмай жатыр.

Айта кетейік, Головкин келесі кездесуін 18 наурыз күні америкалық Дэниель Джейкобспен, ал Сауль Альварес 6 мамырда Лас-Вегастағы "T-Mobile Arena" спорт кешенінде кімі Хулио Сезар Чавеспен өткізеді.