19 қаз, 2016 сағат 10:22

Сауд Арабиясында ханзада өлім жазасына кесілді

Сауд Арабиясы билігі король отбасының мүшелерінің бірі Түрки бен Сауд Әл Кебирді өлім жазасына кесті. Оған досын өлтірді деген айып тағылған.

Елдің сыртқы істер министрлігі де ханзадаға қатысты осындай үкім шығарылғанын растаған. Үкімді Сауд Арабиясының жоғарғы соты шығарды. Ал жазаны орындау туралы бұйрыққа корольдің өзі қол қойған.

Тергеу мәліметіне сүйенсек, король отбасының мүшесі үш жыл бұрын Эр-Риядтағы лагерьлердің бірінде атыс ұйымдастырып, досы Әділ ал-Мхемедті атып, тағы бір адамды жаралаған. Оның бұл әрекеті қоғамның наразылығын тудырған еді.

Ханзаданың өлім жазасына кесілуі араб елдеріндегі монархия тарихында алғаш рет болып отыр.

stan.kz