06 нау, 2017 сағат 14:08

Сауат ашу пәнiнiң атауы "Ана тiлi" деп өзгертіледі

Бiрiншi сыныпта оқытылатын Сауат ашу пәнiнiң атауы «Ана тiлi» деп өзгертіледі. Бұл туралы ҚР БҒМ Мектепке дейiнгi және орта бiлiм департаментiнiң директоры Жаңыл Жонтаева ОКҚ брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Әлiппеге келетін болсақ, педагогтар қауымымен келiсе отырып, оны «нөлiншi» сыныпта оқыту туралы 2016 жылы шешiм қабылдадық. Қазiргi уақытта мектепке баратын балалар әрiп танып, оқи алады. Сондықтан, осындай шешiмге келдiк. Бiрiншi сыныптарда Сауат ашу пәнiнiң орнына «Ана тiлi» пәнi оқытылады», - дедi ҚР БҒМ вице-министрi Эльмира Суханбердиева.

Ал ҚР БҒМ Мектепке дейiнгi және орта бiлiм департаментiнiң директоры Жаңыл Жонтаева Сауат ашу пәнi атауының «Ана тiлi» деп өзгеретiнiн жеткiздi.

«Сауат ашу пәнiн «Ана тiлi» деп атау туралы көптеген ұсыныс келiп түстi. Бiз оны қабылдадық. Ендi Сауат ашу атауы «Ана тiлi» болып өзгертiледi», - деп түсіндірдi Ж.Жонтаева.