09 қаз, 2019 сағат 11:21

Сатурн жанынан 20 ай табылды – СNN

«Халықаралық астрономиялық кеңестің Кіші планеталар орталығының деректеріне сенсек, Сатурн бұрын белгісіз 20 серік табылғаннан кейін серігі ең көп планетаға айналды. Бұған дейін бірінші орында 79 серікпен Юпитер тұрса, Сатурнда жалпы саны 82 серік болды», деп жазады СNN.

Автордың айтуынша, айлардың бәрінің көлемі бірдей.

«Карнеги институтының астрономы Скотт Шеппард пен оның командасы спутниктерді табу үшін Гавайдағы телескоптарды қолданған. Айлардың орбитасын зерттеу Сатурн туралы ақпараттарды анықтауға көмектеседі. Ғалымдар бұл айлар үлкен айдан қалған қалдықтар болуы мүмкіндігін айтады», - деп жазады басылым.

Ғалымдар айларды үш категорияға бөлген.