#
#
Сейсенбі 12/11/2019

«Сарыарқа» газы: Астана әкімдігі жанынан жаңа компания құрылады

  • 22.10.2019
  • 0
  • 160

Астанада «Сарыарқа» газының үй-үйлерге жеткізілуін реттейтін жаңа компания құрылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ернат Бәзіл айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Біз әлі күнге дейін елордаға келетін газдың бағасын білмейміз. Себебі «ҚазТрансГаз» түпкілікті бағаны атаған жоқ. Үкіметтен қандай көмек болатынын сұрап жатырмыз. Елорда әкімдігі газдың соңғы тұтынушыға жеткенге дейінгі бағасын төмендету мақсатында «Елорда-газ» кәсіпорнын құру туралы шешім қабылдады. Қазір тиісті құжаттардың бәрін жібердік. Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің мақұлдауында жатыр. Олар рұқсат берсе, көп мәселелерді реттей алар едік», - деп жауап берді Ернат Бәзіл бүгін елорда әкімдігінде өткен Қоғамдық кеңестің отырысынан кейін тілшілердің сауалына.

Оның айтуынша, кәсіпорын әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың үйін газдандыру, қазандық сатып алу жағынан көмектеседі.

«Газды реттеп отыратын есептеуіштердің бағасы – 80-90 мың теңге. Отбасылардың жағдайына қарай, кейбірінің қоршауына дейін газ жеткізсек, кейбірінің тіпті үйіне кіргізіп беруге тырысамыз. Осы мәселелердің бәрін реттеп отыру үшін арнайы ұйым керек», - деді ол.

Ернат Бәзілдің айтуынша, «Астана су арнасы» кәсіпорны суға жауапты болатыны секілді, «Елорда-газ» - газ мәселесін реттемек.

«Жаңа жылға дейін құжат жұмыстары реттелсе, жаңа жылдан кейін жұмысты бастап кетеміз», - деді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ернат Бәзіл елордада алдағы уақытта газ бағасы қанша болатыны белгісіз екенін мәлім еткен еді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар