20 мау, 2019 сағат 13:25

"Сарыарқа" газ құбыры Жезқазғанға жақындады

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев "Сарыарқа" газ құбырының құрылысы туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі.

"Қазіргі кезде Жезқазған қаласына жақын жерде дәнеркерлеу жұмыстары атқарылып жатыр. Осы уақытқа дейін құбырдың 420 шақырымы тартылды. Бұл барлық жұмыстардың - 35 проценті. Орташа есеппен бір күннің ішінде магистральдің 7-8 шақырымы жасалады. Артынан құбырды оқшаулау және траншеяны жабу шаралары жүргізіледі", - деді Бозымбаев есеп беру кездесуінде.

Министрдің айтуынша, "Сарыарқа" газ құбырының құрылысы қараша айына дейін аяқталады.

"Қазіргі кезде магистраль құрылысында 2 200 адам жұмыс істеп жатыр. 700-ге жуық арнайы техника бар. "Сарыарқа" газ құбырының алғашқы кезеңі аясында Нұр-Сұлтаннан бөлек 171 елдімекенге газ тартылады. Соның ішінде Қарағанды, Теміртау, Сәтпаев, Саран, Шахтинск пен Жезқазған қалалары бар", - деп атап өтті Бозымбаев.