#
#
Жұма 24/03/2017

Сарсаңға салған сайлау. «Халық қалаулысы» неге халықтың сөзін айтпайды?

  • 26.07.2016
  • 4
  • 1097

"Сайлау, сайлау" деп елпілдеп жүрміз. Сайланар адамдар кім болмақ? Бұ жолы мәжіліс құрамы жаңара ма, әлде кеше ғана жылы орнын суытқан дөкейлеріміз креслоға қайта құйрық баса ма? Өздері өтініш жасап, аяқасты кетеміз деп жұлқынған еді, 1,5 миллион теңгеден өтемақысын алып алып, түк болмағандай қайта оралар ма екен әлде?!

Мәжілістің соңғы құрамынан ел жадында қалар ерлік жасаған ешкімді көрмедік. Қазақты шет елге қарызға батырар құжаттар қабылданып жатқан кезде, қайратқа мініп, қарсы тұрған бір батырды байқаған жоқпыз. Қашан көрсең үнсіз басын шұлғып отырған мұңсыз адамдар.

Әшімбаев пен Тұртаевтың «тұяқ серпісін» көргенімізбен оның өзі жасанды саяси ойынның «әртістері» секілді әсер берді.

Шахановтардай шырыл қағып, Тілеухандардай топ алдында елдің, халықтың сөзін тіксінбей айтып отыратын бір қазақ жоқ па бізде? Билік алдында бүгежектемей бұхара мұңын ақтарып салар азаматтарымыз қайда? Бүгінгілер билікке қолы жетсе болды, үнсіздік дертіне шалдығады. Халықтың жай-күйін ашық айтып, ұлт атынан сөйлер тұста боркеміктеніп басын бұға түседі. «Халық қалаулысы» бола тұра халық қалаған сөзді айтпайды.

Ертең партиялардың съездерi өтіп, саяси додада қайсының бақ сынайтыны анықталады. Кейін белсенділердің де бет-әлпетін анық көре бастаймыз. Не болса да, сайланар серкелеріміздің сенімге селкеу түсірмегенін қалаймыз. Билікке барып ұлт мүддесін қорғамасаң, депутаттықта нең бар?

Шерхан Талап

4 пікір

Пікір қалдыру

БАННЕР