27 қыр, 2017 сағат 08:42

Сардарлардың мәртебелі мектебі

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті биыл өзінің құрылғанына 20 жыл толуын атап өтеді. Ол 2015 жылы әлемдегі әскери жоғары оқу орындары арасынан алғаш рет беделді Оксфорд академиялық одағының және Еуразиялық университеттер қауымдастығының толыққанды мүшесі болды. Әскери білім беру көшбастаушысы қазақстан армиясы үшін жоғары офицерлік құрам дайындауға, әскери кадрларды оқытуға қандай озық әдістер мен құралдарды пайдалануға үлес қосқандығы және басқалар туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Талғат МҰХТАРОВ әңгімелейді.

– Талғат Сәбитұлы, Қазақстан әс­ке­ри білім беру көшбастаушысының қа­лыптасуы қалай болғандығын айтып берсеңіз?

– Алдымен мынаны атап өткен жөн, Қарулы Күштердің Бас қолбасшысы – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіз Қазақстанның Армиясын құрған алғашқы күндерден бастап әскери кадр­ларды даярлаудың отандық жүйесін жолға қоюды міндет етіп қойды. Бұл орайда ширек ғасыр ішінде білім берудің ұлттық жүйесі (Кадет корпусы – Әскери институттар және кафедралар – Ұлттық қорғаныс университеті) құрылды, олар негізгі әскери мамандықтар бойынша кіші командалық буын – сержанттардан бастап жоғары құрам – генералдарға дейін әс­кери кадрлар даярлаудың толық циклын қам­тамасыз етуде. Ал шетелде оқыту азайтылды, тек қана сирек және саны аз мамандықтар бойынша ғана сырт жерде білім алады.  Әскери оқу орындары арасында шын мәнінде биыл өзінің 20 жылдығын атап өтетін Ұлттық қорғаныс университеті (ҰҚУ) ерекше орынды иеленді. Бұл әскери оқу орнының тарихы 1997 жылдан басталады, сол кезде Мемлекет басшысының шешімі бойынша Алматы жоғары әскери училищесінің базасында офицерлік кадр­ларды дайындау жүйесін жетілдіру және әскери ғылымды дамыту мақсатында Әскери академия құрылды. Ол 2002 жылы Щучинск қаласына көшірілді. 2003 жылы Ұлттық қорғаныс университеті болып қайта ұйымдастырылды. Бұл жоғары әскери оқу орны 2014 жылы елордаға, жаңа заманауи ғимараттар кешеніне кө­шіп кірді. Соның нәтижесінде ма­ги­с­­­трант­тар мен докторанттарды 2 есеге көптеп оқы­ту­ға мүмкіндік туды. 

Университеттің құрылған күннен қалып­та­суға дейінгі кезеңнен өтуіне Мемлекет басшысының қамқорлығында болғанын ескере отырып, сол жылы оған Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының аты берілді.  Қазіргі кезде ҰҚУ ірі ведомствоаралық оқу-әдістемелік және ғылыми орталық ретінде қалыптасты, мұнда Қарулы Күштердің, басқа әскерлер мен әскери құрылымдардың (Ұлттық ұлан, ҰҚК Шекара қызметі және Мемлекеттік күзет қызметі) офицерлерін даярлау, қайта даяр­лау және біліктіліктерін көтеру жүзеге асырылады. Сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша әскери басқару, ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлардың бі­лік­тіліктерін арттыру, оперативтік-так­ти­калық және оперативтік-стра­те­гиялық (стратегиялық) деңгейлерін жетілдіру және іргелі, қолданбалы әскери-ғылыми зерттеулер жүргізіледі. 

– Әскери кадрларды даярлау пр­о­цесінде Ұлттық қорғаныс уни­вер­си­тетінің рөлі қандай?

– Қарулы Күштердің Бас қол­басшысы ғимараттардың жаңа кешенін ашу кезінде  тапсырма беріп: «Түлектер заман­ның жоғары талаптарына сай болуы, көш­бас­шылық қасиеттерді меңгеруі, тек әскери мәселелерге ғана емес, сондай-ақ экономикада, қаржы және бюджет саласында үздік мамандар болуы керек.

Сонымен қатар әлемде болып жатқан әскери-саяси жағдайда терең саралауы тиіс», деген болатын. Бұдан басқа, тілдерді білетін, кез келген жағдайда жедел әре­кет ететін, дұрыс шешім қабылдай алатын, түпкі нәтижелер үшін оның орындалуы мен жауапкершілігін сезінетін басшыны (сардарды) өсіріп шығару міндеті қойылды.  Президенттің тапсырмаларын жү­зе­ге асыру және Қарулы Күштерді бас­қа­рудың жоғары буынына офицерлік кад­рлар қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында, 2014 жылдың тамыз айын­да Университетті дамыту стратегиясы жасалды. Онда жетекші шетелдік жо­ға­ры оқу орындарының оң тәжірибесі ес­ке­рілді.  Оқыту 7 факультетте жүзеге асыры­лады: олар Бас штаб академиясы, Ко­ман­да­лық-штабтық, Әскери-гума­ни­тар­л­ық ғылымдар, Біліктілікті арттыру, ҚР Ұлт­тық ұланы, ҰҚК Шекара қызметі, Мем­лекеттік күзет қызметі деп аталады. 

Магистратурада оперативтік буынға офицерлер дайындау бағытын талдай отырып, мынадай алға ұмтылысты көруге болады: егер 2014 жылы мамандықтардың 1 тобы және 7 мамандандыру бойынша оқыту жүргізілсе, қазіргі таңда – маман­дық­тардың 5 тобы және 25 маманданды­ру бойынша, оның ішінде мынадай ма­мандықтар оқытылуда: 

• Әскери істегі стратегиялық менедж­мент;

• Әскери істегі менеджмент;

• Әскери істегі логистика;

• Әскери ұжымдағы әлеуметтік-идеологиялық жұмыс.

Университеттің мақтанышы «Қарулы Күштердің Бас штабы академиясы» факультеті болып табылады. Аталған факультет басқарудың жоғары буынына әскери кадрлар дайындау бойынша Әскери өнердің орталығына айналды. Атап айтқанда, бұл факультеттің түлектері негізінен әскери ұйымдастыру ісіне қатысуда, Қарулы Күштердің даму бағытын анықтауда, басқа әскерлер мен әскери құрылымдардың жетілуіне зор үлес қосуда. Оқыту процесінде түлектерге мынадай өзекті құзыреттер қалыптастырады – әскерлерді өздігінен басқару және тиімді қамтамасыз ету қабілеттерін ұштайды, әскер топтарын ұрыс қимылдарына бейімдеу бойынша жоспарлауды іске асырады. Дәстүрлі және ұрыс қимылдарын жүргізуге тың әдістер қолдануға машықтандырады. Басқа әскерлермен және әскери құрылымдармен тиімді өзара әрекет етуді үйлестіреді.

Білім беру процесінің маңызды құ­рам­­дас бөлігі курстық даярлау болып та­былады. Қарулы Күштердің, сон­дай-ақ Ұлттық ұланның, ҰҚК Шекара қызметінің, Әскери прокуратураның әск­ери қызметшілері, әскери жоғары оқу орын­дары профессорлық-оқытушылар құ­рамы және кафедралары, мемлекеттік органдардың басшы құрамы мен сержанттар құрамы үшін біліктілікті арттыру фа­культетінде ұйымдастырылған.  Жоғары оқу орнының оқу-мате­ри­алдық базасы ведомствоаралық білім беру және ғылыми-әдістемелік іс ш­а­раларды ұйымдастыруға және пайдалануға бейім­делген. Ведом­ство­аралық курстарда біліктілікті арттыру жыл сайын 424 адамнан 1200 адамға дей­ін ұлғайды. Жалпы алғанда, соңғы үш жыл ішінде 5 мыңнан астам әскери қызметші бі­ліктіліктерін жетілдірді. 

Тұтастай алғанда, университет құрыл­ған уақыт ішінде Қарулы Күштер, Ұлттық ұлан, ҰҚК Шекара қызметі үшін әскери-әкімшілік және мемлекеттік басқару бойынша мыңнан астам офицер жоғары әскери білім алды. Түлектер арасынан 11 генерал шықты, олардың арасында генерал-майорлар Т.Қойбақов, А.Рыспаев, Д.Оспанов бар. 

– Қазіргі кезде ҰҚУ бірқатар шет­елдік әскери жоғары оқу орындарымен және ұйымдарымен ынтымақтастықта. Енді осы туралы толығырақ айтып берсеңіз.

– Университеттің халықаралық ын­ты­мақтастық жасауы НАТО «Бей­біт­шілік үшін әріптестік» бағ­дар­ламасы бойынша, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мүше-мемлекеттерімен, ТМД елдерімен, Қазақстан және АҚШ Қорғаныс күштері арасында әскери келісімшарттар жос­па­ры шеңберінде ұйымдастырылады және іс­ке асырылады. 

Шетелде университетті кеңінен таны­с­тыру мақса­тын­да халықаралық ын­тым­ақтастық кеңеюде, оның шең­бе­рі­н­де Ресейдің, АҚШ-тың, Қытай­дың, Түр­кияның, Германияның, Францияның, Беларустың және басқа елдердің әскери және азаматтық жоғары оқу орындарымен 40-тан астам меморандум және келісім жасалды. 2015 жылдан ба­с­тап ҰҚУ ТМД-ның 140 ЖОО-сын бірік­ті­ретін Еуразиялық университеттер қауымдастығының құрамына кірді және Еуропадағы 150 жетекші жоғары оқу орны құрамына мүше болды. ҰҚУ ТМД жоғары әскери оқу орындары қауымдастығын құруға бастамашылық етті. 

Бұл беделді ұйымдарға мүше болу мынадай мүмкіндіктер береді:

• бұл ұйымдардың мүшелері – жетекші еуропалық жоғары оқу орындарымен әріптестік байланысты орнатады және ынтымақтастық шеңберін кеңейтеді;

• мамандар даярлау пішімін арттырып, ҰҚУ білім беру бағдарламаларына қаты­су­ға шетелдік профессорларды тартады;

• ақпараттық технологиялар ғасы­рын­да жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беруді жетілдіруге жалпы қолайлы жағдай жасайды;

• шетелдік жоғары оқу орындарында және зерттеу орталықтарында оқыту ж­әне тағылымдамадан өту үшін маг­и­ст­ра­нттарға және докторанттарға жол жүруге – академиялық тәжірибе алма­суды реттейді.       

Сондай-ақ халықаралық әскери ын­ты­мақтастықты дамыту шеңберінде шет­елдердің елшіліктерімен бірлесіп АҚШ, Түркия, ҚХР, Үндістан армия­ла­рының және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы класының әскери өнер аудиториялары ашылды. Мемлекеттің ұлттық қауіпсіздіктің және қорғаныстың ең көкейкесті мә­се­лелері бойынша үш жыл ішінде ма­ги­­странттарға және докторанттарға арна­лып 2 мыңнан астам белгілі шетелдік сая­саткерлердің және әскери өнер, страте­гия, геосаясат, ақпараттық қауіпсіздік жә­не басқа бағыттар саласындағы маман­дар­дың қатысуымен 300-ден астам халықаралық оқыту шарасы өткізілді. Оған АҚШ, Ресей, Қытай, Жапония, Иран, Канада, Оңтүстік Корея, Литва және басқа елдердің өкілдері белсене қатысты. Олардың арасында генерал-лейтенант М.Гаррет (АҚШ), бригада генералы Т.МакГуайер (АҚШ), генерал-полковник Л.Ивашов (РФ), профес­сор С,Викулов (РФ), контр-адмирал Х.Сайари (Иран), полковник Т.Тойода (Жапония) және подполковник Лионель де Ланжерон (Франция) тәрізді әскери са­ланың мықтылары атсалысты.  Шетелдік сарапшылардың магистрант­тармен және докторанттармен кездесуі ха­лықаралық әскери ынтымақтастықты да­мытуға, өзара сенімді нығайтуға ық­пал етіп, әскери кадрларды дайындау процесінде алға ілгерілеу үшін мүм­кін­­ді­гін ашады. Әскери істі дамытуда за­ма­науи үрдіс­ті ескере отырып магис­тр­ант­тарды дай­ын­дау бағдарламасы же­тіл­діріледі.  ҰҚУ базасында бірқатар ірі халық­ара­лық іс-шаралар өткізілді.

– Талғат Сәбитұлы, әңгімемізді қо­ры­тындылай отырып, универ­си­теттің ал­дағы кездегі даму перспективаларына тоқталсаңыз?

– Біз алдағы кезде де жаңа тұрпаттағы жоғары білікті әскери мамандарды даярлау орталығын дамыту бойынша жұмысты жалғастыра береміз. 

Дамудың өзекті бағыттары ретінде шетел мамандарын даярлауды кеңейту; ғылыми-эксперименттік базаны дамыту (технопарк, стратегиялық іс-әре­кетті моделдеу, робот техникасы, ақ­параттық қауіпсіздік зертханала­ры және басқалар); жаңа және қолда бар қа­ру-жарақ пен әскери техниканы жетіл­ді­ру, жасау жөнінде отандық ҚӨК-пен өзара қимылды тереңдету; ғылыми-бі­лім беру процесін инфрақұрылыммен қам­тамасыз етуді жетілдіру, тағы сол сияқты маңызды мәселелерді шешу жолында ұдайы ізденісті жалғастырамыз. Басты міндеттіміз Орталық Азиядағы жетекші ғы­лыми-білім беру орталығы ретінде жә­не қауіпсіздік үшін қызметімізді тың­ғы­лықты атқара береміз. 

Қарулы Күштердің Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тап­сырмасы бойынша қысқа мерзімде университетті биік деңгейге жеткізіп, ХХІ ғасырдың ең таңдаулы әскери оқу орнына айналдырдық десек артық болмайды. Осы уақытта Қазақстанның барлық әлеуеттік ведомстволарына таңдаулы әскери кадр­лар даярлап алғы шептен көріндік. Алдымызда бұдан да жауапты міндеттер тұрғанын жақсы сезініп, оны орындауға бек сенімдіміз. 

– Мазмұнды әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен Марат АҚҚҰЛ