29 қар, 2018 сағат 16:04

Саранда Орталық Азиядағы ең ірі күн электр станциясы іске қосылады

Осы жылдың желтоқсан айында Қарағанды облысы Саран қаласында 160 гектар аумақты алып жатқан Орталық Азиядағы ірі күн электр станциясы өз жұмысын бастайды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Осы жылдың ең жарқын жобаларының бірі туралы айта кетейін. Ол - Орталық Азиядағы қуаттылығы 100 мегаватт болатын күн электр станциясы. Нақтырақ айтсам, Саран қаласында 160 гектар аумақта 307 мың күн панелі жұмысын бастайды. Ерекше атап өтерлігі осы күн электр станциясынан бөлінетін энергия - Саран секілді он бірдей қалаға жеткілікті болады», - деді Ерлан Қошанов бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.

Осы ретте желтоқсанда ашылатын күн электр станциясының ашылуына Қарағанды облысының әкімі тілшілер қауымын арнайы шақырды.