11 шіл, 2019 сағат 07:42

Сапарбек Тұяқбаев Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен Алматы әкімінің өкімімен Сапарбек Тұяқбаев Алматы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

С.Тұяқбаев  1979 жылы туған. 2001 жылы Таяу шығыс техникалық университетін, 2004 жылы Торонто университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 2005 жылы бастаған. 2005-2009 жылдары Мемлекеттік қызмет істері бойынша Агенттікте, Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде, ҚР Индустрия мен сауда министрлігінде, ҚР Президенті әкімшілігінде қызмет еткен.

2011-2017 жылдары ОҚО әкімінің орынбасары болып қызмет етті. 2016 жылдың қазанынан - ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің инвестициялар  комитетінің төрағасы, 2017 жылдың қарашасынан «Kazakh Invest» ҰҚ басқарма төрағасы қызметінде еңбек еткен.

Әкімнің бұрынғы орынбасары Марат Сембеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.