#
#
Жексенбі 29/03/2020

Сапарбаев Қордай ауданының әлеуметтік нысандарымен танысты

  • 17.02.2020
  • 0
  • 176

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Қордай ауданы Қасық ауылдық округіне барды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" аймақ басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасық ауылдық округінің әкімшілік орталығында – Қордай ауылының аудан орталығына жақын орналасқан Әлжан ана ауылында Бердібек Сапарбаев Әлжан ана тарихи мұражайы мен ауылдың Мәдениет үйін аралады.

Айта кетейік, бұл ауыл Қасық деп аталғанға дейін, осы жерде елдің Тұңғыш Президентінің анасы Әлжан-ана туып, өмір сүрген. 2017 жылы Жамбыл облыстық мәслихатының сессиясында облыстық ономастика комиссиясының Қасық ауылының атауын Әлжан ана деп өзгерту туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар, Бердібек Сапарбаев бір ауысымда 15 келушіге арналған ауылдық дәрігерлік амбулаторияның жұмысымен танысты. Медициналық мекеменің штаттық құрамы 14 қызметкерден тұрады, оның екеуі - дәрігер және жетеуі орта деңгейлі қызметкер. Облыс әкімі міндетті медициналық сақтандыру, вакцинация, скрининг жүйесінің енгізілуін бақылауды, сондай-ақ пациенттермен жұмыс сапасын жақсартуды тапсырды.

Аймақ басшысы осы ауылда жастардың бос уақытын ұйымдастыру, қызығушылықтары бойынша әртүрлі үйірмелер ашу қажеттігіне назар аударды. Мәдениет үйі жанында бүгінде кітапхана, домбыра және вокал ойнау үйірмелері жұмыс істейді.

Әлжан ана ауылындағы Тұрар Рысқұлов атындағы №23 мектепте 850 мұғалім 85 балаға сабақ береді, спорт залы, толық жабдықталған химия кабинеттері, мультимедиялық кабинет, жоғары сынып оқушыларына арналған шеберханалар, үлкен кітапхана бар. Педагогикалық ұжыммен кездесу барысында аймақ басшысы мұғалімдердің назарын тәрбие жұмысын күшейтуге және ата-аналармен тығыз қарым-қатынас орнату қажеттілігіне аударды. Бердібек Сапарбаев оқу корпусына ағымдағы жылы күрделі жөндеу жұмысын жүргізу туралы ұсыныстарын қолдады.

Одан әрі аймақ басшысы Қордай ауылы маңында орналасқан бірегей аквапоникалық жылыжаймен танысты, ол тек аскөк пен көкөніс қана емес, сонымен қатар балық өсіруге де мүмкіндік береді.

Қазір мұнда гидропоника әдісімен салаттың 15 түрі өсіріледі. 0,2 гектарға көктемгі құлпынай егілді. 2019 жылы пайдалануға берілген жобаның құны - бір миллиард теңге. Жылыжайдың өзі 0,7 гектар аумақты алып жатыр. Толық қуатқа шыққаннан кейін мұнда 20 тұрақты жұмыс орны болады.

Аймақ басшысы, әсіресе, маусымнан тыс уақытта облыс халқын арзан, жергілікті өнімдермен толық қамтамасыз ету үшін жоғары технологиялық жылыжай фермаларын белсенді түрде дамытуды тапсырды.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, жұмыс сапарын аяқтай отырып, Бердібек Сапарбаев барлық айтылған тапсырмалар сапалы және белгіленген мерзімде орындалуы тиіс екенін атап өтті. Олардың орындалуын ол өзі бақылайтын болады.

Еске сала кетейік, жуырда Жамбыл облысы әкімдігінде өңірдің әлеуметтік мәселелері талқыланды. Бердібек Сапарбаев облыстың әлеуметтік саясатындағы басым бағыттарды одан әрі дамыту және ең алдымен жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру туралы өз көзқарасын ұсынды. Өңір негізінен аграрлық болғандықтан, Ауыл шаруашылығын дамыту облыстың экономикасы мен әлеуметтік саласында маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ, 2019 жылы басталған ауыл тұрғындарының табысын арттыру жобасы алдағы уақытта қаржыландыру көлемін кеңейтуге және көп адамдардың материалдық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар