03 сәу, 2017 сағат 15:39

Санкт-Петербург метросында жарылыс болды - БАҚ

Петербургте метроның көк тармағында вагон ішінде жарылыс болды, - деп хабарлайды ресейлік БАҚ. 

"НТВ" телеарнасының мәліметінше, Санкт-Петербург метросында жарылыс болып, қаза тапқандар бар. 

"РИА Новости" төтенше жағдайлар мининстрлігіне сілтеме жасап, Санкт-Петербург қаласының метросында "Сенная площадь" бекетінде түтін шыққан. Құтқарушылар жағдайды бақылауда. Сонымен қатар қазіргі уақытта үш бекет жабылған -  "Садовая", "Площадь восстания" және "Технологиялық университет", - деп хабарлайды басылым жеке дереккөзіне сілтеме жасап. 

"Петербургте метрода "Сенная" бекетіне кіру және шығу жолдары жабылған. Бұл жолы жалған дабыл емес, шын мәнінде төтенше жағдай болды. Куәгерлердің айтуынша, метро бекетінде қатты түтін шыққан. Бірнеше адам жарылыс болғанын айтады", - деп шығарды Piter.tv.

kaz.tengrinews.kz